27 мар 2019
Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін айтулы күн болды. Оның себебі шаңырамызға ҰОС ардагері Абенов Смағұл атамызды облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекович пен облыстық мәслихат хатшысы Қалдығұлова Сәния апайымыз арнайы Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтап келді. Облыс басшысы атамызға ҚР Премьер - Министрі Б. Сағынтаев пен облыс әкімінің құттықтау хаты мен мерекелік сыйлығын табыстап, иығына шапан жапты. Атамызбен әңгімелесіп көңілін бір көтеріп, қуантып тастады. Жыл бойы 9 - мамыр Жеңіс күнін асыға күтетін, қатары күннен - күнге азайып бара жатқан, осындай бейбіт күнді бізге сыйлаған Ардагер ата - әжелеріміз үшін осыдан асқан қымбат сый болар ма?! Абеновтар әулетінің атынан облыс басшысы Бердібек Машбековичке, Сәния апайымызға үлкен алғысымды білдіремін!!! Алла Тағала дендеріңізге саулық отбасыларыңызға береке берсін!!!
Вячеслав Раенко
1:00